20.07.2021, 20:35
Оқылды: 36

Жетікөлде көне қорымдар қоршалды  

 «Сырым елі» газеті жазғандай, «Қазақ радиосы» сөйлеп, 4G байланыс желісі ұстайтын, жалынды жастары жарқырап тұрған, Сырымдай батыр туған текті жер Сырым ауданының Жетікөл ауылының гүлденуі, дамуы халықты қуантады. 
«Жас келсе – іске» - деген бар. Ауылдың жаңа әрі жас әкімі Айболат  Нұрмұханов осы сөзді ұран етіп, ауылдың дамуына барынша жанашырлық танытып жүр.
Жетікөл – қазақ тарихында орыны бар өңір. Біздің далада тарихи ескерткіштер өте көп. Ал оларды қорғап, күтімге алу мәселеге айналғалы қашан?

Syrym

Осы жазда тарихы сонау ғасырдан басталатын ескі қорымдар Шошақмола мен Сәт моласы жойылып кетпес үшін, аудан әкімінің қолдауымен сырты қоршалып, әктеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыл әкімінің есеп беру кездесулерінде көтеріліп жүрген өзекті мәселелердің бірі - ауыз суды тұшыту жұмыстары. Аққан судың қадірін білетін ауыл тұрғындары тұщы судан тарығып, ауыл шетіндегі жер құдықтан су тасып ішіп келген еді. Биыл Боқай қыстағынан тереңдігі 15 м болатын екі ауыз су құдығы қазылды. Қазір Жетікөл және Қосарал ауылына күніне 40 тонна тұщы су күн сайын белгілі бір уақытта беріліп отырады.

Жетікөл (1)
Жас әкімнің қолға алуымен ауылымыздың кіреберіс көпірі де жаңарды. Көпір жолы асфальтталып, бойына күн көзінен қуат алатын және былайғы уақытта қуатын үнемдеп, тек қозғалыс болған кезде өздігінен жанатын «ақылды шамдар» орнатылды.
Ауылдағы балабақша, мәдениет үйі, ауылдық әкімшілік аппарат сияқты нысандардың да сыртқы қабырғаларына заманауи түрлі-түске ауысып отыратын жарық шамдар орнатылды.

20210720_202824

Бір сөзбен айтқанда ауыл көшесі жарық, елдің іші берекелі.

-Ендігі жоспардағы жұмыстардың бірі - Wi-Fi желісі ұстайтын саябақ жасау, – дейді ауыл әкімі.

Айман Қуанғалиқызы, 
Сырым елі газетінің штаттан тыс тілшісі

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале