5.06.2023, 12:00
Оқылды: 14

Жетістігі көп білім ордасы

Дамудың жарқын жолын бастаған еліміз үшін білім саласының алар орны ерекше. Соңғы он жылда түрлі өзгерістерге ұшырап, жаңашылдыққа бет бұрып, оқу жүйесіндегі өзгерістердің орын алуы - білім саласының жыл санап дамып келе жатқандығының көрінісі.

мектеп пугачев (1)

Мәселен, Бөрлі ауданындағы «Пугачев мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыл мектебінің бүгінгі бет-бейнесін жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан бірден-бір білім ордасы.

Мектеп, 1955 жылдың қыркүйек айында ашылған. 180 орынға негізделген мектепте бүгінде 335 оқушы, білім алып жатыр.

Сонымен қатар  мектепалды даярлық сыныбында 32, балабақшада 50 тәрбиеленуші бар. 70 жылға жуық уақыт бұрын салыған мектеп қазір апатты жағдайда деп танылған. Сондықтан алдағы жылдары, «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында ауылда 300 орынды мектеп салу жоспарланған шаруа.

Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді.

- Осы жылдар ішінде мектептің ауыз толтырып айтатын жетістіктері, мақтан тұтатын оқушылары, бетке ұстар ұстаздары бар. Мектебіміздің білім беру және тәрбие үрдісі қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Биылғы оқу жылында мектепте 21 сынып-комплектісімен қоса екі мектепалды даярлық сыныбы бар. Кабинеттер интербелсенді тақтамен жабдықталған және мектеп электронды оқыту жүйесіне қосылған, электронды білім беру ақпарат жүйесі Күнделік kz, kz білім беру ресурсымен жұмыстануда. Ұжымымызда 57  педагог қызмет атқарады. Оның ішінде педагог-зерттеуші мұғалімдер саны - 8 болса, 23  - педагог-сарапшы, 18 - 0педагог-модератор бар. Бес мектеп тренеріміз бар. Біліктілік санаты бойынша педагог кадрлардың сапалық құрамы 86 %. Бұл өте жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Ұстаздарымыздың марапат алуы мектебіміздің беделін арттыратыны сөзсіз. Соның ішінде 8 мұғалім Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» наградталған болса,  облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» 16 мұғалім марапатталды.  Тәжірибелі мұғалімдерімізбен  қоса, жас  шығармашыл ұстаздармен үнемі толығып отырады, - дейді мектеп директоры Құндыз Абдрахманова.

ff86fb52-5fe7-4fe2-a26c-a9b480b50c91

Пугачев мектебінің ұжымы педагогикалық үрдісті және функционалдық ұқсастық жетістігін мемлекеттік білім стандартының талабына сай дамыту,  білім және тәрбие үрдісінің одан әрі дамуына, жеке оқушының қабілетін дамытуға, қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстанып келеді. Оған дәлел мектептің ұстаздары облыстық, республикалық, халықаралық байқау, конференцияларға қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шығармашылық әдістемелік деңгейлерін дамытуы.

- Мектебіміз әр оқу жылында «Үздік білім беретін орта ұйым» аудандық байқауына қатысып, жүлделі II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, облыстық «Үздік ауыл мектебі» байқауында «Болашақтың мектебі» номинациясын жеңіп алды. ҰБТ нәтижесі бойынша облыста «20 үздік мектеп» қатарына еніп, алдыңғы 7 мектептің қатарына еніп келеді. Облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Мектепте инклюзивті білім беру жақсы жолға қойылған. Соңғы үш жылда «Алтын Белгі» иегері атанған оқушы саны жетеу болса, үш оқушы «Үздік аттестат» иегері атанған болатын.  25 мектеп түлегі мемлекеттік  грант иегерлері атанды, - деп атап өтті Құндыз Қайдарғалиқызы.

мектеп пугачев (2)

Расында, білім ордасының жетістігі көп. Мектеп «Тәрбие  жүйесі және қосымша білім берудің жаңа бағыттары» облыстық байқауында II орын алып, «Ауыл мектебінің цифрлық форматы» облыстық байқауында «Тәрбие мен білім ұштасқан мектеп» дипломымен марапатталған. Мектептің соңғы жылдары жеткен жетістіктерінің бірқатарын ғана жазуды жөн көрдік. Алдымен ұстаздардың бағындырған белестерін айталық.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.М. Колесникова пән мұғалімдері арасында облыстық  педагогикалық олимпиадасында III дәрежелі дипломымен, тарих пәнінің мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.К. Альдикенова республикалық «Педагогикалық идеялар» фестивалінде грамотасымен, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың  жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін  облсытық Білім басқармасының Алғысхатымен орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Л.М. Колесниковалар марапатталды.

Сонымен қатар Алматы қаласында өткен «ТEDх» педагогикалық идеялар  байқауында бастауыш сынып мұғалімі Г. Муканова, I Халықаралық  әдістемелік конференциясына қатысып, кәсіби шеберлігімен бөліскені үшін тарих пәнінің мұғалімі С. Альдикенова, бастауыш сынып мұғалімдері Ж. Альдикенова мен С. Жакуповалар дипломдармен марапатталды.

Ал VI Халықаралық портфолио сайысының «Көшбасшы – педагог» байқауында» орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  К. Абдрахманова III дәрежелі дипломмен марапатталған болатын. Самара қаласында өткен V «Волжский мастер - класс», «Лучшая презентация педагогического опыта» байқауында  «Победитель» дипломымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі К. Абдрахманова, биология пәні мұғалімі А. Багданова, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ф. Абдрахмановалар «Призер» дипломдарымен марапатталды.

Мектеп басшысы Құндыз Абдрахманова, ұжымға үлгі көрсетіп, өзі де түрлі байқауларға қатысады.  Айталық, биылғы аудандық «Қадыр оқулары» байқауында Құндыз Қайдарғалиқызы  екінші орын алса,  қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің арасындағы мәнерлеп оқу, «Педагогикалық идеялар фестивалі» сырттай «Шеберлік палитрасы» және «Пушкинское чтения» байқауларынан жүлделі үшінші орын алған екен.

Мектеп ұстаздары озат, білімді, өнерлі шәкірттерін мақтаныш санайды. Өйткені, оқушылар облыстық, республикалық, халықаралық байқау, жарыстарда аудан, облыс намысын қорғап жүр.

Атап айтқанда, Илянура Гасанова, Әдемі Асанова, Ольга Кривобокова, Томирис Шахидова, Амина Габдулова, Күнсұлу Темірғазы, Әбілмансұр Махамбетов, Әділ Жайық, Ерасыл Серікбай,  Қарақат Берік, Мерей Байқадам, Анастасия Островскаялар олимпиада, мәнерлеп оқу сайыстары, зияткерлік және ғылыми жоба байқаулары, мәдени-спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанып, түрлі байқауларда топ жарып, мектеп, қала берді аудан мерейін асқақтатып жүр.

Білім беру нысанында осындай жетістігі көп шығармашыл ұстаздар мен оқушылардың қарасы қалың. Мұның бәрі ұжымдағы бекем бірліктің, көркем тірліктің жемісі және білім биігіне ұмтылған ұстаздар еңбегінің нәтижесі.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале