20.12.2023, 21:22
Оқылды: 76

Жігерлі жастар - қоғамның қозғаушы күші

 

Бүгін Шыңғырлау аудандық колледжінде аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлының  “Жігерлі жастар - қоғамның қозғаушы күші” атты жастармен кездесуі өтті. Жиынға әр түрлі саланың жас мамандары, студенттер мен оқушылар қатысты. Кездесудің басты мақсаты аудан жастарының атқарып жүрген қызметтерін, өз елінің дамуы жолындағы елеулі еңбектерін насихаттау, жастардың ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелердің шешу жолдары мен алдағы уақытқа жоспарларды талқылап, пікір алмасу болатын.

шыңғырлау

Сұхбаттасу форматында өткен жиналыстың модераторы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Джоламанова күн тәртібіндегі тақырыптармен таныстырып өтті. Аудан әкімі Мұрат Өміралиев жиынның алғы сөзін сөйлеп, жастар арасында атқарылып жатқан жұмыстарды, қойылған мақсаттар мен құрылған жоспарларды атап өтіп, жас мамандарға алғыс, тілектерін білдірді.

Кейіннен жиынға қатысушылар арасында таныстырулар мен пікір алмасулар басталды. «Ауыл жастары және жетістікке жету жолы» тақырыбында А.Тихоненко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Наурызбаев, «Ауыл жастары және мүмкіндіктер» тақырыбында Ақшат ауылдық округінің жас кәсіпкері С.Джалдығұлов пен ауданымыздың жас кәсіпкері Ұ.Дәулетшиев хабарлама жасап, өз ойларымен бөлісті. Кездесу барысында аудандық балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы М.Мукаримовтің орындауында «Жұмыр қылыш» күйі, Серік Ислам оқыған Бауыржан Ширмеденұлының «Қалаға хат» өлеңі, жас кәсіпкер А.Асудың ауданымыздың 95 жылдығына арнайы дайындаған «Шыңғырлау - шуақты мекенім» деректі фильмінің трейлері жастар назарына ұсынылды. Сондай-ақ, ерекше көзге түсіп, еңбектерімен еленген студенттер мен оқушылардың да жетістіктері атап өтілді. Шара барысында жергілікті жастармен, кәсіпкерліктермен тығыз жұмыс жасайтын мекемелерден келген мамандар жұмысқа орналасу, кәсіп бастау, оқуға түсу бойынша қажетті ақпараттармен бөліссе, медицина, спорт саласының қызметкерлері өмір сапасын жақсартуға, денсаулық сақтауға байланысты кеңестерін айтты. Аудан әкімі Мұрат Өміралиев кездесуге қатысушылардың ұсыныстарына, қойылған сұрақтарына жауап беріп, жиынды қорытындылады.

 

 

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале