28.01.2019, 14:30
Оқылды: 87

Жігіттер жылқы құрықтады

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы айтылған бастаманы қолдау мақсатында Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының және «Мұхит жастары» ЖҚБ ұйымдастыруымен жылқы малын үйрету мен баптау тәсілдерін насихаттау мақсатында шара өтті.

7 qyr (2)

Шара барысында қолдарында ұзын құрық пен арқаны бар жігіттер бар екпінімен шауып келе жатқан жылқы малын құрықтаудың әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Жылқы малына құрық салып, ат ерттеу түрлерін көрсеткен жігіттерге аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Эльдар Амантаев сыйлықтар табыс етті.

– Бүгінгі сайыс жылқының ұлттық руханиятқа, қазақы жадыға, халықтық санаға айналып кеткен бір көрінісі. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тақым қысар, айыл тартар сәттің келгенін көрсетті. Бүгін Сулыкөл ауылынан бастау алған шара әлі де жалғасын табыды. Алдағы уақытта жастар арасында саятшылық, құрақ құрау сынды ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын шаралар өткізу жоспарда бар, - деді Эльдар Амантаев.

Шара соңында Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Берікқали Муса ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді.

7 qyr (1) 7 qyr (3)

Маралбек Амантаев,

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталығының маманы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале