12.07.2021, 9:27
Оқылды: 69

Жол құрылысының қарқыны талқыланды

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен жол құрылысының қарқыны мен түйткілді мәселелерін тақырып еткен жиын болды.

2B66FF1E-A15E-4FF2-A6DD-630DFFA9EA7B

Жиынға жол құрылысына жауапты мамандар мен мердігерлер қатысты.  

"QazAvtoJol" ҰҚ" АҚ БҚОФ басшысының орынбасары Шынар Ертаева:

- Республикалық жолдың құрылыс барысы қатаң бақылауда. Әр бейсенбі сайын атқарылған жұмыс бойынша есеп беріліп отырады. Межелі нәтижеге жетуге барлық жағдай жасалған. Техника да, жұмыс күші де, материал да жеткілікті. Материал тасымалы үйлестірілген. Биылғы жылға белгіленген жоспарды орындап, асфальтталған жолды бекітілген айда пайдалануға береміз, - деп сендірді.

A69DAF0B-D7CE-4F44-9E85-DAB17B156E47

"АқЖолҚұрылыс" ЖШС қосалқы мердігері "СМК "Атамекен" ЖШС өкілі, жоба жетекшісі Дүйсенғали Наурызғалиев:

- 12 метрді құрайтын астыңғы жол қабаты толық дайындалды. 70-80 смге жол көтерілді. Битум Ақтаудан тасымалданып, су сорғы арқылы Сейтәліден алынуда. "Жол құрылысы басталғалы үш жыл өтті, нәтиже жоқ" дейтін жұрттың сөзінің жаны бар. Ең қиыны астыңғы қабатты жасап алу. Нәтиже асфальт жамылғысын төсеген кезде көрінеді, - деді.

"АқЖолҚұрылыс" ЖШС қосалқы мердігері " Qonyr Service" ЖШС  өкілі, жоба жетекшісі Бауыржан Бекмұхамбетов Жамантауға қатынайтын жолдың нашарлығынан, техниканың жеткіліксіздігінен жұмыстың қарқын алмай тұрғанын айтты.

Бұдан басқа да кеңес отырысында жергілікті халықтың жұмысқа тартылуы, мүмкіндігі шектеулі жандарды да жұмыспен қамтамасыз ету, вакцина алу қажеттілігі, жол бойында қызмет көрсету нысандарының жұмысын ұйымдастыру, теміржол тұйығын 16 вагоннан 20 вагонға арттырып, құрылыс материалдарымен жеткілікті қамтамасыз ету сияқты түйткілді мәселелер талқыға салынды. 

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале