5.09.2022, 18:08
Оқылды: 60

Жолдау – жарқын болашаққа жол сілтейді

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауын талқылау мақсатындағы партия активі өтті.

18

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған «AMANAT» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы  Қадыржан Сүйеуғалиев Жолдауда айтылған айқын басымдылықтарға тоқталды.

– Жолдау – бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін шешу жолдарын нақтылап беріп, әлеуметтік, экономикалық дамудың жолдарын көрсетіп отыр. Мемлекеттік сатып алу, салық саласы, мемлекеттік бюджетті тиімді игеру мәселелері бойынша үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ендеше, Президент тапсырған міндеттемелерді абыройлы атқару – баршамыздың ортақ міндетіміз. Жолдауда айтылған елімізді қуатты мемлекетке бастайтын және халықтың тұрмыс-тіршілігін түзеуге бағытталған бес бағдарын қолдаймыз, - деді аудан әкімі Қ.Орынбасарұлы.

Кезегінде сөз алған аудандық мәслихат хатшысы  Нұрлан Құмарұлы, «AMANAT» партиясының Саяси кеңес мүшесі Сағима  Далабаева, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нүркен Азамат Мемлекет басшысының Жолдауда экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды. Бұдан өзге ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өсетіндігі, ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың есепшотына жиналатындығы, әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейтіні, биыл кезектен тыс президент сайлауы өтетіндігі турасында ой бөлісіп, бірауыздан қолдау білдірді.

Жиын соңында қарар қабылданды.

 

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале