5.09.2022, 17:57
Оқылды: 100

Жолдауды талқылады

Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауын талқылау мақсатында партия активі ұйымдастырылды.

13

Жиынға «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова төрағалық етіп, оған аудандық мәслихат депутаттары, Саяси кеңес мүшелері, фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары, партия белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.

Күні кеше, яғни 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауын жариялап, болашаққа бағдар жасап, алдымызға белгілі межелерді қойды. Сондықтан жиынның күн тәртібінде сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ұсынған Жолдауы кеңінен талқыланды.

14

Партия активінде «AMANAT» партиясының ардагері Сабыр Самиев Жолдауда Президенттің кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынғаны жөнінде кеңінен айтты. Аудандық мәслихат хатшысы Сағын Казиев Жолдаудағы нақты реформаларды айқындаған 5 бағдарларға, атап айтқанда: Жаңа экономикалық саясат; Экономиканың нақты секторын дамыту; Ел болашағына стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғыру және заң мен тәртіп деп аталған тарауларға жеке-жеке тоқталды. Ал Ақбұлақ бастауыш партия ұйымының төрайымы Светлана Байтенова Ұлттық қордың жыл сайынғы табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынуы, 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасын 61 жас деңгейінде қалдыру, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтілуі секілді тапсырмаларды баса айтса, партия мүшесі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Саян Баймұқанов және «AMANAT» партиясының мүшесі, партия белсендісі Валошина Лилия Жолдауда нақтылап айтылған тапсырмалардың ішінде ең төменгі жалақының өсуі, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, олқылықтарды секілді тұстарды баяндады.

Жиын соңында «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың тапсырмалары тыңдалды.

Аман Ізмұхан,

 Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале