11.06.2021, 9:50
Оқылды: 233

Жолың болсын, жолаушы!

Бүгін сағат 07:00-де Сырым ауданының орталығынан Жымпиты - Орал бағытында жолаушылар тасымалдайтын #226 қоғамдық көлік алғашқы сапарына аттанды.

76D01FEA-47C1-414E-9EE5-8610A6D7D45E

Жолаушылар тасымалдаумен айналысатын "Қазақстан - Елім" ЖШС ұсынып отырған маршрут ауыл мен қала арасында қатынайтын тұрғындар үшін өте қолайлы болып отыр. Бірінші тиімділігі - бағасы. Жолақы - 500 теңге. Бұл такси қызметімен салыстырғанда 60 пайыздай арзан. Екінші тиімділігі - уақыт. Шағын автобус такси секілді жолаушысын отырғызып алып, кейін көше аралап, адамдардың үйлеріне барып жүрмейді. Қоғамдық көлік таңертең 07:00-де "Жолаушы" кешенінің алдынан қозғалады. Түстен кейін Орал қаласының орталығындағы "Адал" сауда үйінің жанынан жолаушы жинап, сағат 15:00 -де Жымпитыға кері шығады. 20 орындық "Mercedes - тің" жайлылығы да, жүрдектігі де халық көңілінен шығары сөзсіз.

461C1315-94F8-4E19-8205-8E261D436C07

Қоғамдық көліктің алғашқы сапарына Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов сәттілік тіледі. Сырым ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Отарбай Сарғозыұлы Жымпиты - Орал бағытында жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктің шығуымен тұрғындар көтеріп жүрген негізгі мәселенің бірі шешімін тапқанын айтты. Зейнеткер көлік жұмысына қолдау ретінде айына 5000 теңге мөлшерінде қаражат беремін деп уәде етті. Оған кембағал, мүмкіндігі шектеулі жандар, табысы аз жанұялардың мүшелері тегін қызмет тасымалданбақ.

B900CB40-A961-4B9A-92BB-6A467F17A835

Отарбай Сарғозыұлы Жымпитыға автобус аялдамасы мен 10 орындық күту залының керек екенін де айтты.  Сырым аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Тимур Айтқалиевтің айтуынша, ол мәселе назарда тұр.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале