21.10.2022, 21:00
Оқылды: 104

«Жомарт жүрек - 2022» сыйлығына ие болды

«Жомарт жүрек» республикалық байқауы дәстүрлі өтіп келеді.

InShot_20221021_204453508

Бұл – қайырымдылық саласындағы меценаттар мен филантроптар арасындағы жыл сайынғы байқау. Мемлекетіміздегі қайырымдылық шараларына ерекше үлес қосқан ұйымдар мен азаматтарды анықау үшін бағытталған.
Биыл байқау «Жыл тұлғасы», «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жылдың үздік ұйымы», «Жылдың үздік қамқоршысы» аталымдары бойынша өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында туған жеріне қызмет етуде білек сыбана кірісіп, «Балалар жылына» орай, Казталов ауданының Әжібай ауылына 13 млн теңгеге спорт алаңын салған кәсіпкер
«Туған өлке» аталмында «Жомарт жүрек - 2022» сыйлығына ие болды.

IMG-20221021-WA0278

Игі іс атқарған Абзал Насиоллаға белсенді азаматтық ұстанымы, туған жерін дамытуға қосқан үлесі, жалпыадамзаттық құндылықтардың сақталуына көрсеткен қолдауы үшін ҚР Қоғамдық даму министрінің дипломы да табысталды.

Жедел ақпарат «Ауыл айнасынан»,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале