14.10.2021, 15:30
Оқылды: 89

Жоспар артығымен орындалды

Шыңғырлау ауданы бойынша алдағы мал қыстағына 93178 тонна шөп дайындау жоспарланған болатын. 116168 тонна шөп жиналып, шығымы  әр гектарына 3,8 центнерді құраған, осылайша шаруа жандар жоспарды 124,7 пайызға орындап отыр. Шабындықтардағы барлық шөптің шығымының орташа өнімділігі 3,8 ц/га. Тынымсыз еңбек, үлкен ұқыптылықтың арқасында төрт түлік малдың қамы уақтылы жасалды.

21

Айта кетсек, шөп ору науқанына 267 трактор, 133 маялағыш, 112 шөп жинағыш және 190 орақ-тырма қатыстырылды. Науқан кезінде жеке адамдарға шөп сату жұмысы да халықтың жағдайына қарай ұйымдастырылды. Биыл ауыл тұрғындарына сатылған бір орама шөптің құны 2225 теңгеден 5000 теңгеге дейін сатылымға шығарылды.
Шаруа жандар қайырымдылық, адамгершілік қақын да ұмытқан жоқ, мысалы, мал басы қиын жағдайда тұрған Маңғыстау облысына 5120 орама шөп (128 вагон), 200 орама мал азығы Атырау облысына, 15200 орама Орал қаласына, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Жаңақала, Қазталов аудандарына, сондай-ақ 276 шөп орамасы Маңғыстау облысына ауданның шаруа құрылымдарының көмегімен тегін жіберілді.

                                                                                                       А.Мұса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале