16.09.2021, 10:04
Оқылды: 74

Жұбан молда мешітінің игі ісі

Бәйтерек ауданы Переметный ауылындағы Жұбан молда мешіті қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Аудан орталығында тұратын мұұқтаж отбасыларды қолдау танытып, оларды қажетті азық-түлікпен қамту мақсатында оздырылған игі шараның басы-қасында ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Құралбайұлы, аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев және мешіт жамағаты болды.

IMG-20210915-WA0086

 

– Жақсылық жасау – мұсылманның басты парызы. Жақсылық жасау – имандылық пен ибалықтың, парасаттылық пен жомарттықтың сипаты. Осындай игі істер қоғамда өріс алып келеді. Жақсылық жасау қолдан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілік жетіп тұрса, әлбетте мұндай игілігі бар істі ертеңге қалдыруға болмайды. Соны ұққан аудандық мешіт жамағаты мен қызметкерлері ауылдастарына қуаныш сыйлап, жақсылық жасауда. Игі істер жалғаса бергей, – деді шара басында аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев.

IMG-20210915-WA0064

 

Кейін өңірдің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы жабырқаған жанның қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну әр адамның азаматтық  және мұсылмандық борышы екенін айтты. Сонымен қатар ол адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту, қамқорлықты қажет ететін жандарға қолұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайтынын ерекше атап өтті.

Мешіт жанынан ұйымдастырылған қайырымдылық шарасында аудан орталығында тұратын 25 мұқтаж отбасыға арнайы қоржын табыс етілді.

Шара соңында тұрғындар мешіт қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале