30.03.2021, 9:11
Оқылды: 64

Жүйелі жұмыс жемісті болмақ

Мақаламыздың тақырыбы айтып тұрғандай, адам баласы болашақта атқаратын әрбір ісін жүйелі жоспарласа нәтижесінде жемісін көретіні хақ. Сол секілді Казталов ауданын басқарып отырған азаматтардың да жүйелі істері өз жемісін бере бастады.

818FA215-7EF5-4965-9CD4-4FAC6DA26CDC

Соңғы жылдары ауданымызда қуаңшылық орын алып, жылдағы жауын-шашынның мөлшері төмендегені баршамызға аян. Тіпті, соңғы екі жылда аумағына Еуропаның бір елі оңай сыйып кететін ауданымызда төрт түлік малдың азығы тапшы болып, көрші аудандардан тасығанымыз бар. Былтыр «мал азығын қайдан аламыз?» деп бас қатырдық. Өткен Тышқан жылы әлемдік пандемия жайлап, тышқандай інге тығылғанымыз аздай далада мал жаятын азды-көпті шөбімізді мыңғырған киік жеп қойды. Бірақ болашақтан үмітін үзбеген ауданның атқамінер азаматтары қарап жатпады.

D67CB75D-D1FD-4953-9C24-59CB5312FD54

Нақтырақ айтсақ, аудан әкімі Альберт Есалиев бірге жұмыс жасап жатқан әріптестерімен кеңесе келе, ауыл шаруашылық саласына қатысты басты мәселенің түйінін тарқатуға жұмыстанды. Соның ішінде төрт түлік малға қажетті суды шешу үшін аудандағы елді мекендердегі бөгеттерді аршу мен каналдарды қазу жұмыстарын қолға алды. Дұрыс жүйеленген жұмыс нәтижесінде биыл көктемде барлық аршылған су қоймаларына қар суы молынан түсіп, мәселе оңтайлы шешімін тапты.

91236A6E-5520-4C3F-A9E5-F91407A3549D

Осы нәтижелі жұмысты жүзеге асыру үшін өткен жылы Казталов ауданында су қоймаларын тазарту, каналдар қазу, техникалық су айдау, техникалық сумен қамту жұмыстарының жобасын жасауға аудандық бюджеттен 66,45 млн. теңге қаражат бөлінді. Сонымен бірге бұл жұмыстарға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев тарапынан да қолдау болып, ауданға арнайы техника алынып, су жаңа эксковатор мен бульдозер аудандық коммуналдық кәсіпорын теңгеріміне берілді. Бұрын-соңды бөгеттер мен каналдарды қаздыру үшін техникасы бар мекемелерді жалдап, біраз қаражатты шығындасақ, ендігі кезекте су жүйелерін жөндейтін ауданның өз техникасы бар. Былтыр облыстан алынған арнайы техниканың көп көмегі тиді. Ауданға қарасты 11 ел-ауылда 12 бөгет тазартылып, 40 шақырымға жуық Фурманов-Қособа, Ащысай-Қарасу каналдары қазылды. Атқарылған жұмыстар еш болмай, су қоймаларына биылғы көктемде қар суы молынан жиналуда. Бұл техникалық судан тапшылық көрген елді мекендер үшін тиімді болмақ. «Бәрін айт та бірін айт» ауданның атқамінер азаматтарының дұрыс жүйеленген, жоспарлы жұмыстары жемісін берді.

Бөгеттері аршылған ауылдар қатарында Бірік, Қошанкөл, Қараоба ауылдық округтері бар. Қараоба ауылында біраз жылдан бері ауыл тұрғындары мал суының тапшылығын жиын сайын көтеріп жүретін. Тұрғындардың мәселесіне құлақ асқан ел ағалары былтыр ауылдағы екі бөгетті тереңдетіп, аршытқан болатын. Биыл сол бөгеттерде қардың суы молынан түсіп, тіптен, арнасынан асып жатыр деуге болады.

- Былтыр Қараоба ауылындағы бөгеттерді тазарту үшін аудандық бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, күзде қос бөгетіміз тазартылып, тереңдетілді. Міне, атқарылған жұмыстардың нәтижесі қуанарлық. Уақытында тазартылған бөгеттерге су мол жиналды. Нәтижелі жұмысқа ауыл тұрғындары дән риза. Осы жұмыстарды дұрыс жоспарлап, жүзеге асырған барлық азаматтарға ел атынан алғыс айтамын! - деді аудандық мәслихат депутаты, «Ақбота» шаруа қожалығының жетекшісі Қуаныш Ермеков.

 Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале