5.05.2021, 19:18
Оқылды: 63

Жұмадағы қайырымдылық

Рамазан айында жұма күндері Қаратөбе ауданындағы «Ақ жол» жолаушы тасымалдаушы жеке кәсіпкерлігі аз қамтылған отбасы мүшелеріне әр таксиден бір адамға тегін орын ұсынуда. ED56C0A9-971A-4B43-B03E-D7202FCCAFBE

– Рамазан айының құрметіне халыққа қызмет көрсету, қасиетті айдағы қуанышты сезіндіру, сауапты амалдардың маңыздылығын ұғындыру, қайырымдылық көрсету, халыққа жеңілдік жасау мақсатындағы бұл шараның маңыздылығы зор. Аталмыш игі іс 30 сәуір күнгі жұма күні басталды. Бұл қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табатынын қаперлейміз, - дейді «Ақ жол» жолаушы тасымалдаушы жеке кәсіпкерлігінің басшысы Жандос Әмірғали.

08F0C580-89D4-47DF-BB8B-DD55EB20F40C

Айта кету керек «Ақ жол» жолаушы тасымалдаушы жеке кәсіпкерлігі аудандағы түрлі іс-шараларға, басқа да қайырымдылық шараларға қолдау білдіріп жүр!

 Маралбек Амантаев,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале