28.02.2024, 9:45
Оқылды: 29

Жұмагелді Батырниязов: «Кезек күттірмейтін мәселелерді дер кезінде қолға алуымыз керек»

Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязовтың төрағалығымен ағымдағы мәселелер жөнінде жиналыс өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен бірқатар мекеме басшысы қатысты.

image-28-02-24-01-25-6

Күн тәртібіндегі «Аудан бойынша 2023-2024 жылдары жылыту маусымының өту барысы туралы» аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айболат Нұрмұханов, «2023-2024 жылдарлағы мал қыстағының өту барысы туралы»  кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлжанат Ханғожина, «Көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы» аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ғабит Жасталап, «Наурыз айындағы өткізілетін мерекелік шаралар туралы» аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Перизат Илашева, «Қызылша ауруының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыс туралы» аудандық аурухана директоры Сабыр Меңдешев баяндама жасаса, аудандық полиция бөлімінің бастығы Тимур Айтуғанов аудандағы бағымсыз мал басының қолды болуы жайында тілге тиек етті.

image-28-02-24-01-25-2

Жоғарыда аталған бағымсыз жүрген мал иелері жайында Тимур Айтуғанов:

 - Жол-көлік оқиғаларына себепкер болатын да, қолды болатын да бағымсыз жүрген мал басы екен жасырын емес. Ауыл әкімдері жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен қоян-қолтық жұмыстанса, аталған фактілердің саны азаяр еді, - деді.

image-28-02-24-01-25-1

Одан бөлек Сабыр Меңдешевтің сөзіне сүйенсек, Сырым ауданында 35 адамнан (12 ересек, 23 бала) қызылша жұқпасы анықталған. Оның ішінде 35 науқастың қан сынамалары қызылшаға оң нәтиже көрсеткен. Қызылшаға қарсы 23 баланың дені діни және жеке көзқарастары бойынша екпе алмаған.

Аталған мәселе бойынша аудан әкімі медицина қызметкерлерімен бірлесіп түсінік жұмысын белсенді жүргізуді тапсырды.

image-28-02-24-01-25-4

- Көктемгі су тасқынының алдын алу, Қызылша ауруының алдын алу бағытындағы жұмыс, бағымсыз жүрген мал иелеріне түсінік жұмысы секілді бірқатар аудандағы кезек күттірмейтін мәселені дер кезінде қолға алуымыз керек, - деді жиынды қорытындылаған аудан басшысы Жұмагелді Жолдыбайұлы.

 

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале