«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды
2 Қазан 2023

«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды
2 Қазан 2023

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Ақтөбеден жүлделі оралды
2 Қазан 2023

Ақтөбеден жүлделі оралды

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»
2 Қазан 2023

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?
2 Қазан 2023

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті
2 Қазан 2023

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті

7.06.2023, 15:00
Оқылды: 36

Жұмагелді Батырниязов: «Техникалық кеңес құруды ұсынамын»

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов аудандық мәслихаттың депутаттарымен кездесті. Жиналысты мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева жүргізді.

IMG_9258

Депутаттар өз кезектерінде ауданды қоғамдық-саяси, әлеуметтік тұрғыда дамытуға қатысты ой-ұсыныстарын айтып, округтері бойынша негізгі мәселелерді аудан әкімінің назарына ұсынды. Оларды салаларға жіктесек – жолдарды, электр желілерін жөндеу, ауыз су құбырларын таратуды сапалы аяқтау және жайылым.

Әрине, аудандық орталық аурухананы жөндеу, кәріз жүйесін ауыстырып, жеделсаты қою, Қоңырдағы А. Жұмағалиев атындағы мектепті күрделі жөндеу, округтік сайлау комиссияларының құрамын жаңарту, округтерге дербес дизель отынын бөлу, ауыз суды көлік жуу қызметтеріне пайдаланбау және сол секілді бірқатар кезек күттірмейтін мәселе бар.

- Депутаттың үні – халықтың үні. Ұсыныстарыңызды тыңдап отырмын, мәселенің ұсақ-түйегі болмайды. Бәрі де – маңызды. Қазір Сырым ауданы бойынша мәселелерді шешу үшін шаралар жоспары жасақталуда. Жоспар үш деңгейге бөлінген. Қызыл деңгейде – бүгін шешпесе, ертең кеш болатын шаруалар тұр. Әрине, спорттық алаң салынғаны, көшелер әдемі болғаны жақсы. Бірақ ең әуелі – тұтынатын ауыз суымыз сапалы күйде, үзіліссіз берілуі тиіс. Судың жайын біздер қызыл деңгейге шығардық.

Ауданда құрылыс жобалары жүзеге асуда, аса да береді. Мемлекеттік саясаттың ашықтығын және халықтық бақылауды күшейту үшін ауданда техникалық кеңес құру керек деп есептеймін, – деді Жұмагелді Батырниязов.

IMG_9260
Түсінсек, үшбу кеңеске депутаттар, қоғам белсенділері мүше бола алады. Әр жобаны жауапты мекемелер мен халық өкілдері басынан аяғына дейін бірге талқылап, сараптап, қажер жерде түзеп, бірге жүзеге асырмақ.

 

Б. Шерім,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz


 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале