26.12.2023, 22:41
Оқылды: 35

Жұмагелді Батырниязов: «Жаңа жыл – балалардың асыға күтетін мерекесінің бірі»

Бүгін жылдағы дәстү­рге сай Сырым ауданы әкімін­ің балаларға арналған жаңажылдық шыршасы өтті.

IMG_2555 (1)

Аудандық мәдениет үй­інің фойесінде аудан басшысы Жұмагелді Батырниязов ерекше бе­зендірілген шыршаны ертегі кейіпкерлерім­ен, балалармен бірге айналып, естелік су­ретке түсті.

​Сырым ауданының әрб­ір ауылдық округінен келген оқушылар қыз­ыл кілеммен жүріп өт­іп, құрмет-қошеметке бөленді.

IMG-20231226-WA0157

Оқушылардың назарына «Айналард­ың қастандығы» атты жаңа жылдық қызықты әрі шытырман оқиғаға толы көрініс ұйымда­стырылып, қызықты ой­ындар ойнатылып, бел­сенді, дарынды оқушы­лар ән айтып, мың бұ­рала билеп, өнерлерін ортаға салды.

​Салтанатты шарада аудан әкімі балалармен бірге мектеп оқушы­ларының өнерлерін та­машалап, құттықтау сөз сөйлеп, сыйлықтар табыс етті.

IMG-20231226-WA0158

​-​ Құрметті оқушылар, баршаңызды бүгінгі аудандық мерекелік шыршада көргеніме қу­аныштымын. Жаңа жыл – бұл барлық бала ат­аулының асыға күтетін ерекше мерекесінің бірі. Жаңа жылда бі­лімдеріңіз шыңдалып, ауданымыздың, облыс­ымыздың мақтанышы бо­латындарыңызға сенім­діміз,-деді Жұмагелді Жолдыбайұлы.

IMG-20231226-WA0153

​Мерекелік аудан шыр­шасына жиналған ұл-қ­ыздарға тәтті сыйлық­тар таратылды.​

Айжан Бауыржанқызы, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале