4.09.2021, 10:37
Оқылды: 45

Жұмыс бақылауда болады

Биыл Бәйтерек ауданында мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар арқылы ауқымды жобалар іске асуда. Ауылдардың инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жобалардың сапалы орындалуы аудан әкімінің қатаң бақылауында.

02
Жуырда аудан әкімі Марат Тоқжанов Январцевтың кіреберіс және ауылішілік жол құрылысы барысымен танысты.

Жұмысқа жауапты мердігер компания өкілдері сметаға сай қолданылатын материал, жұмысшылар жалақысы, тағы басқа мәселелер жайын баяндады. Жоспардан кешеуілдеп қалған мердігерге қатаң ескерту жасаған аудан әкімі сапаға терең мән беруді тапсырды.

01

Сондай-ақ аудан әкімі Орал - Кирсанов күре жолынан Чиров ауылына салынған жол құрылысын қадағалады.

Әбден тозып, жүру мүмкін емес жағдайға жеткен жолдың биыл 7,6 шақырымнан астамы асфалтталған. Бұл жоба келер 2022 жылы жалғасын табады. Мамандар жаңа жолды ауа райы сәл салқындағасын ашқан дұрыс деген пікірде. Сол себептен Чиров, Сұлукөл, Чеботарев ауылдыокругтерінің тұрғындарына әзірге айналма жолмен жүре тұруға тура келеді. Аудан әкімі жол құрылысының биылғы жоспарын уақытында әрі сапалы атқарған мердігерге ризашылығын білдіріп, елдің алғысын жеткізді.

 

Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале