14.10.2021, 12:06
Оқылды: 47

Жұмыс тобы білім беру мекемелерін тексерді

«Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңестің №2 жұмыс тобы Жәнібек ауданына келіп, Жақсыбай ауылындағы М.Ықсанов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенін, Тау ауылындағы Ғ.Абдуллин атындағы орта мектепті, аудан орталығындағы Т.Жароков атындағы орта мектепті, №1 мектеп-лицейін, Күйгенкөл ауылындағы Ө.Сахипов атындағы орта мектепті және қосымша білім беру мекемелерін аралап, тексеру жүргізді. Жұмыс тобы мектептердің жай-жапсарын, интернат пен медициналық кабинеттің жағдайын, асхананың жай-күйі мен мәзірін тексерді.

10

Одан бөлек кәмелетке толмаған балалардың ісін, ауданның әлеуметтік жағдайын қарады. Тексеріс барысында «Балалардың құқықтарын қорғау қоры» қоғамдық қорының сарапшысы, жұмыс тобының төрайымы Мәнсия Исказиева ауданның жалпы жағдайы жаман емес екендігін айтып, кейбір мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

11

Сонымен қатар жұмыс тобы аудан әкімі Азамат Сафималиевпен кездесіп, жұмыс тобының ауданға келу мақсатын айтты. Мәнсия Аяпбергенқызының айтуынша, аталмыш мәселелер бойынша жұмыс тобы 2019 жылы құрылған. Сол жылдан бастап жұмысын бастап та кеткен. Алайда пандемияға байланысты жұмыс баяулаған. Биыл балалар офлайн оқу жүйесіне көшкендіктен жұмыс қайта жанданған. М.Исказиеваның сөзіне сүйенсек, жұмыс тобының мақсаты тексеріс кезінде кездескен олқылықтарды әшкерелеу емес. Керісінше, сол мәселелердің оң шешімін табуға жәрдемдесіп, көмек көрсету болып табылады.

Гүлзара МӘДИ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале