11.10.2021, 16:35
Оқылды: 81

Жүргізушілерге жауапкершілік күшейтілді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдан бастап мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік күшейтілді.

Жауапкершіліктің күшеюіне қарамастан, тұрғындар өз қауіпсіздігіне, басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, мас күйінде көлік құралдарын жүргізуді жалғастыруда.

2020 жылдың басынан бастап мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 7 жылға ұзартылды, сондай-ақ 15 тәулікке міндетті әкімшілік қамауға алу енгізілді.

8E317AD3-EFEE-4B1B-B467-08D1B2D043C2

2021 жылдың 9 айында осы бап бойынша Бөрлі ауданының 117 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, ауданның бір ұйымында жүргізуші болып жұмыс жасайтын Ақсай қаласының тұрғыны кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Нәтижесінде жұмысынан және тұрақты табысынан айырылды.

Сондай-ақ жауапкершілікті күшейту жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушілердің санатына қатысты орын алды.

Бұған дейін аталған бұзушылық үшін 4 жылға жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған болатын. Енді 7 жылға көлікті басқару құқығынан айыру және 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауаптылық көзделді.

Жыл басынан бері мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін 14 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Мысалы, аудан тұрғыны мас күйінде көлікті басқара алмай, басқа көлік құралымен соқтығысқан. Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдармен дәлелденді және 20 тәулікке қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде баламасыз жаза қолданылды.

Жыл басынан бері ауданның 6 тұрғыны жаза мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайта құқық бұзушылық жасады, құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторында 20 тәулік қамауға алынды, сондай-ақ 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Бұдан басқа, көлік иелерінің медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін жауапкершілік күшейтілді, осы құқық бұзушылық үшін 15 тәулік қамауға алу және 8 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру көзделген.

2020 жылға дейін құқық бұзушыға 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылған болатын.

Жыл басынан бері ауданның 2 көлік иесі медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот процесінде құқық бұзушылар айыппұл салуды сұрайды, олар айыппұл төлеуге дайын екендігін, олардың жалғыз табысы жүргізуші ретінде жұмыстан алынатын айтады, басқару құқығынан айыру жұмыссыздыққа әкелетінін айтады.

Заңнама талаптарына сәйкес жазаны өзгерту көзделмеген.

Осыған байланысты, аудан прокуратурасы көлікті мас күйінде жүргізгені үшін баламасыз жазалау шарасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің талаптарына сәйкес қолданылатынын түсіндіреді.

Алмагүл Ибрашева,

Бөрлі ауданы прокуратурасының прокуроры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале