6.06.2022, 9:32
Оқылды: 55

Жұрт жадында жаңғырды

Жуырда Чапаев ауылында волейболдан ардагерлер арасында аудандық ашық турнир өтті. 

IMG_5985 (2)

Бұл жарыс Қазақстанның құрметті құрылысшысы, спорт ардагері, белгілі меценат Асқар Қабановтай айтулы азаматтың жарқын бейнесі мен жасаған жақсылықтарын жұрт жадында жаңғыртуға арналды. Турнирде Орал қаласынан және аудандардан бірқатар команда сынға түсіп, шаруа қожалықтарының құрама командалары да жақсы өнер көрсетті.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов қонақтарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар іс-шараға облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов, марқұмның жолдасы Мақуза Қабанова мен ұрпақтары, үзеңгілес достары, әріптестері  қатысты.

Тартысты өткен бәсекеде оралдық «Намыс» командасы І орынды (300 мың теңге) жеңіп алды. Жаңақала ауданының командасы ІІ орынға (200 мың теңге) қол жеткізді. Оралдық «Денсаулық-2» және Ақжайық ауданының командасы ІІІ орынды (50 мың теңгеден) місе тұтты. Турнирге Асқар Қабановпен ауыл шаруашылығы саласында бірге жұмыс жасаған әріптестері демеушілік көрсетті.

Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале