10.02.2022, 12:45
Оқылды: 52

Жүзеге асқан істерді жүйелеп, шешілуі тиіс жоспарлармен таныстырды

Ауданымыздың хал-ахуалын баяндап, өткен жылы жүзеге асқан ілкімді істерді көпшілікке ұсынатын аудан, ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері өтуде. Жуырда сондай кездесу Бәйтерек ауданы Дариян ауылында өтті.

WhatsApp Image 2022-02-10 at 12.22.08

Күн тәртібіне сай, алдымен Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкеновтың өткен жылғы атқарған жұмысы жөнінде есебі тыңдалды.

Орал қаласына жақын орналасқан Дариян ауылы жыл санап көркейе түсуде. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында екі қабатты барлығы 24 пәтерүй көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді. Ол баспаналарға барлық инженерлік коммуникациялар тартылып, аулалары абаттандырылған. Сонымен бірге ауылды абаттандыру үшін «Жасыл ел» жасақтары құрылып,көгалдандыру жұмыстары атқарылыпты. Былтыр ауыл әкімдігі он сенбілік ұйымдастырып, елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын ойдағыдай атқарған. Сонымен қатар ауылдағы Қонаев 4,Шолохов 16, Гагарин 17, Лев Толстой 5 мекенжайларындағы көппәтерлі үйлердің тұрғындары «Индиго» жеке кәсіпкерлігімен келісімшарт жасап, олардың аулаларына қоқыс салатын жәшіктер орнатылған. Округке қарасты Озерный ауылында спорттық және ойын алаңы салынып, пайдалануға берілгені де көпшілікті қуантты.

WhatsApp Image 2022-02-10 at 12.22.06 (1)

Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында учаскелік инспектормен бірге рейдтер жүргізіліп, ескерту түрінде әкімшілік хаттамалар толтырылыпты. Жыл бойы учаскелік полиция инспекторлары 469 әкімшілік құқықбұзушылық анықтапты. Бүкіл ауылдың бас ауыртар мәселесіне айналған бұралқы ит жайын бір жақты ету үшін аудандық ветеринариялық инспекциясының қызметкерлері ауылға 9 рет келіп, 100 бас бұралқы иттің көзі жойылған. Десе де бұл мәселе әлі де бақылауда тұр. Округ бойынша 125 кәсіпкер тіркелген, олардың саны жыл сайын көбеюде. Көптен сұранып жүрген құрылыс материалдарын сататын дүкен қолдануға берілгені де ауыл тұрғындарының біраз мәселесін шешті.

-Тұрғындардың кірістерін жоғарылату мен тұрақты және өнімділік жұмыспен қамту мақсатымен округте «Өнімділік жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның 1-бағыты бойынша кәсіптік оқытумен 2 адам қамтылып, кәсіптік даярлаудан 1 адам өтті,-деді өз баяндамасында ауыл әкімі Тілек Кәкенов.

Ауыл әкімдігі тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне үлкен көңіл бөліп келеді. Біраз адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылса, жастар жағы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатарын толтырып, еңбек еткен.

   ұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі әрдайым күн тәртібінде тұрады. Маусымды жұмыс орындар жеткілікті. Бірақ жұмысшыларды табу қиынға соғып отыр. Су жүйесін тарту жұмыстары биыл да өз жалғасын табады. Бұл жұмыстарға ауыл тұрғындарына қатысуға мүмкіндік бар,-деді ауылнай өз сөзінде.

Ауыл әкімі биыл Дарияндағы саябақты периметр бойы және жаяу жүргіншілер жолдары бойын жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттар дайын екенін айтты. Қаржы түскен бойда жұмыс басталмақшы. Сол сияқты «Орал-Кирсанов» тас жолы бойынан Дариян ауылындағы «Москвичи» жанар-жағар май күю станциясына дейін, Л.Толстой көшесінен И.Шкилев көшесіне дейін және Балдырған көшесінен М.Шолохов көшесіне дейін 65 жаңа көше шамдарын орнату, сондай-ақ Озерный ауылындағы шеткі көшелерді жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттарын да дайындағанын ауыл әкімі атап өтті.

Тағы бір айта кететін жайт, былтыр Дариян ауылы Қазақстан Республикасының 30 үздік ауыл қатарына кірді. Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының академиялық кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының 30 үздік ауылы» альбомының тұсаукесері болып өтті. Сол шарада Дариян елді мекені еліміздің үздік 30 ауылы қатарына енді. Бұл да үлкен жетістік.

WhatsApp Image 2022-02-10 at 12.22.06

Кейін аудан әкімі Марат Тоқжанов өндірісі өрге басқан ауданның басты жетістіктері жайында баяндай келе, атқарылған істерге тоқталды.

Марат Лұқпанұлы өткен жыл толайым табыстарға толы жылдың бірі болғанын, әсіресе, бірнеше ауылға газ жүргізіліп, бірқатар ауылға барар жолдыжөндеуге қажетті жобалық-сметалық құжаттар жасалғанын, Рубежка, Дариян ауылдарындағы су мәселесі біржола шешімін тапқанын атап өтті.

Жиын соңында сөз алған зейнеткерлер Надежда Калашникова, Рахиля Бабақожақызы, Светлана Застева аудан және ауыл әкімдерінің жұмыстарына оң бағаларын берсе, одан әрі тұрғындар тарапынан мал бағымының, су, жер мәселесі туралы түскен сауалдары мұқият тыңдалып, нақты жауаптары берілді.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале