19.03.2024, 21:00
Оқылды: 12

«Жыл басы – әз Наурыз»

Бүгін осындай атаумен ауданымыздағы бірден-бір кәсіптік білім беретін Қаратөбе колледжінде Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды.

IMG-20240319-WA0041
Бірлігі мен тірлігі жарасқан аталмыш оқу орнының ұжымы Наурыз мейрамын тамаша думандатты.

IMG-20240319-WA0040
Колледждегі мерекелік іс-шарада халқымыздың салт-дәстүрлері керемет көрініс тапты.

IMG-20240319-WA0039

Ұжым қызметкерлері Сәуле, Гаухар, Жаннұр, Гүлжазира, Білжан мекеме ауласында тұрғызылған киіз үйдің алдында «Аластау» дәстүрінен, Шәрбану, Жарқын, Жанар киіз үй алдына отырғызылған теректі айнала «Саумалық» дәстүрінен көрініс көрсетсе, Гүлмаш пен Ғалия мерекелік шашу шашты.

IMG-20240319-WA0038

Гүлсезім мен Айгерім думандата келген жұртшылыққа бауырсақ, шелпек, наурыз көже ұсынды.

IMG-20240319-WA0037
Нәзік жандылар ұжым өызметкерлері арасында ұршық иіріп өнерлерін ортаға салса, ер азаматтар арқан өруден жарысқа түсті. Арқан өруден Елдос Серікұлы жеңімпаз атанды.

IMG-20240319-WA0046
Халқымыздың ұмытылған салт-дәстүрлерінің бірі – «Ашамайға мінгізу».

IMG-20240319-WA0044

Қазақ ертеде ер балаларды сүндетке отырғызып, алғаш рет Ашамайға мінгізу дәстүрін жасаған. Кейбір өңірлерде бұл дәстүрді «Ашамай тойы», ат мінгізу тойы деп те аталған. Бұл әдетте бала 6-7 жасқа келгенде жасалатын дәстүр. Халқымыз ер баланы ерте бастан жауынгер етіп тәрбиелеуді, еңбекке баулуды мақсат еткен. Балаға арнап алдын ала дайындап, ер-тұрман әзірлеген. Бұл баланың мықты ер-азамат болып өсуіне арналған дәстүр екендігі баршаға аян
Мерекелік іс-шарада колледж қызметкері Елдос Серікұлы өз ұлын атқа отырғызып, аталмыш дәстүрді тамаша көрсетті. Атаулы салт-дәстүрге орай ұзақ жылдардан осы ұжымда еңбек етіп келе жатырған Мереке Сағидуллин атқа отырған балаға арнап бата берді.

IMG-20240319-WA0048

Сонымен қатар ұлттық спорт түрлері арқан тартудан,қол күресінен, гір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырылды. Арқан тартудан бірінші орындары ауыл тұрғындарынан құралған команда, қол күресінен білек күшін таныта білген колледж студенті Әлішер Қуанышбайұлы, гір тасын көтеруден алдына жан салмаған ауыл тұрғыны Сейілхан Қайырғалиев жеңіп алды.

IMG-20240319-WA0036

Сахнада бірнеше әсем ән орындалды. Азамат Жексенбаев - «Наурыз», «Мереке», Думан Абдрахманов - «Шынарым», Ақгүл Нығметова – «Ауылға сағыныш», Дәметкен Абдрахманова – «Әриайдай», Мереке Сағидуллин - «Елігім - еркем» әндерін орындап, алаңдағы жұртшылықтың көңілін көтерді.

IMG-20240319-WA0049
Ауыл ақсақалдары ағайынды Сағынғали, Үмбетқали Бақтығалиев, Самат Есполов ағаларымыз, колледж директорының міндетін атқарушы Байуыржан Қалиев мерекеге арналып тұрғызылған киіз үй ішіндегі дастарқан басында мерекелік жылы лебіздерін білдіріп, ауылдастарын Наурыз мерекесімен құттықтады.

#nauryznamabqo

Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале