20.12.2023, 21:33
Оқылды: 37

Жылдың үздіктері марапатталды

 

Бүгін аудандық мәдениет үйінде өз елінің өркендеуі жолында елеулі еңбек етіп жүрген, әрдайым жақсылық жасап, айналасын қуантып жүретін, халқына қайырымды жандар – ауданымыздың жанашыр азаматтарына «Жомарт жүрек» және жалынды жігерлерімен, адал қызметтерімен ерекше көзге түскен жастарға «Жыл үздігі-2023» премияларын табыстау мақсатында салтанатты кеш ұйымдастырылды.

марапат

 

Аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы құттықтау сөз сөйлеп, «Жомарт жүрек» премияларын иелеріне табыстады. Белсенді филантропиялық қызметі үшін «Жыл тұлғасы» номинациясымен    Алдаберген Бақиұлы Нұғманов, қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асырғаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен «AQJAIYQ» жеке қорының директоры Т.Имашев, әлеуметтік маңызды өзгерістер мен қайта құруларға әкеп соққан кешенді қайырымдылық қызметі үшін «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясымен «Жарас» шаруа қожалығының басшысы М.Тасмағамбетов, белсенді меценаттық қызметі үшін  «Жыл меценаты» номинациясымен  С.Кумашев, кіші Отанды қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін «Туған өлке» номинациясымен «KХ ALMAZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Б.Жантлеуов, қайырымдылық - әлеуметтік көмек, ізгілік және қоғамдағы әртүрлі кең көлемдегі шараларда демеушілік таңытқаны үшін «Жүректен жүрекке» номинациясымен «ҚазМұнайГаз БАРЛАУ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің бас директоры С.Боқанов марапатталды.

«Жыл үздігі-2023» жастар премиясын иегерлеріне ауданымыздың құрметті азаматтары, түрлі саланың ардагер қызметкерлері табыстады. А.Хамитов «Үздік жас мемлекеттік қызметкер», А.Табылды «Үздік жас ұстаз», А.Рзиева «Үздік жас маман», С.Джалдыгулов «Үздік жас кәсіпкер», Ж.Бақытжанов «Үздік волонтер», В.Ажгалиева «Үздік жас медицина қызметкері», Ә.Наурызбай «Үздік теолог», Есекеновтер отбасы «Үздік жас отбасы», А.Аманжол «Үздік студент», А.Сергалиев «Үздік жас шекарашы» номинациясымен марапатталды.

 

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале