23.09.2022, 14:31
Оқылды: 49

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды 

Бүгін Казталов ауданы әкімі Рүстем Зұлқашевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

20220923051926_IMG_6459

Комиссия мүшелері 2022-2023 жылдардағы  жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңге жол, коммуналдық және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің дайындығы, аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық және аймақтық эпизоотиялық жағдай туралы, адамдар мен жануарлардың жаппай жұқпалы ауруларының алдын алу, обаға қарсы күрес жұмыстарының жүргізілуі мәселелері қаралып, газ шаруашылығы инспекторымен атқарылған жұмыстар есебі тыңдалды.

20220923051947_IMG_6461

- 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына әлеуметтік сала нысандарды (білім, денсаулық, мәдениет) дайындауға жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, білім саласы бойынша сұйық отынға қажеттілік 220 тонна болса, соның барлығы қажетті нысандарға жеткізілді, оның үстіне былтырғы маусымнан қалған 5,8 тонна сұйық отыны бар. Сонымен қатар, былтырғы жылғы 34 тонна қатты отынға қосымша 625 тонна қатты отын сатып алынып, толық қажеттілік қамтамасыз етілді. Мәдениет саласы бойынша қажетті 23 тонна сұйық отын және 198 тонна қатты отын нысандарға уақытылы жеткізілді. Денсаулық сақтау саласында сұйық отынға қажеттілік жоқ, жылыту маусымын өткізуге 8 тонна қатты отын сатып алынды. Нәтижесінде, ауданның әлеуметтік нысандары қажетті отынға 100% дайын деп айта аламыз. Сонымен қатар, аудан әкімінің өкіміне сәйкес, аудандық бөлім басшыларынан құралған комиссия мүшелері тамыз айында әр ауылдық округті аралап, жылыту қазандықтарының сапасын тексерді, - деді аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Артур Берденов.

20220923052015_IMG_6464

Жиында аудандық білім беру бөлімі басшысының м.а Айжан Жағыпарова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев, Казталов аудандық ауруханасының шаруашылық меңгерушісі Нұрлан Хусайнов, №2 Казталов аудандық ауруханасының шаруашылық меңгерушісі Сәлім Калиев, Казталов аумақтық электр торабының  басшысы Дамир Сәрсембиев, Жалпақтал аумақтық электр торабының басшысы Бауыржан Бердалиев, Казталов аумақтық газ шаруашылығы басшысы Әділбек Мутигуллин, Жалпақтал аумақтық газ шаруашылығы басшысының м.а Артур Садиров, "СтартСтройСервис" ЖШС директоры Гани Бекенов, "Uniserv" ЖШС директорының орынбасары Николай Кондропуло, Казталов аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хайдаров, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекция басшысы Арген Малахов баяндама жасады. Жиында көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі бірқатар тапсырмалар берді.

20220923052029_IMG_6466

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы

 zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале