29.10.2020, 17:26
Оқылды: 97

Жылжымалы медициналық кешен Тасқалаға да келді

«Саламатты Қазақстан» денсаулықты дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында шалғайдағы ауыл тұрғындарының денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған жылжымалы кешен қалыптасқаны белгілі. ЖМК – арнайы көлікке орнатылған  бригадамен жасақталған амбулаториялық емханалық кешеннің 9-ы БҚО-ға да келгені мәлім. Кеше соның біреуі Тасқала аудандық ауруханасына да әкелінді.

C438ECAF-4538-4381-8258-0BA580A6E8DC

-Аймақтағы медициналық мекемелерді жабдықтау үшін отандық өндірістің жылжымалы  көлігі игілігімізге ұсынылып қуанып жатқан жайымыз бар. Біз бұл кешенді көптен күттік, - дейді бас дәрігер М. Оразбаев. - Қостанай қаласындағы «Сарыарқа АвтоПром» зауытында жасалған екен. Біріншіден, оның радиациалды зияны жоқ. Екіншіден, скринингтен өтуге өте ыңғайлы. Әрі су қараңғылық сынды көз ауруын тексеретін автоматты аппараты да бар. Қандағы қан құрамын, холестерин мөлшерін анықтайды. Онда гемотологиялық анализатор орналасқан. Екіншіден, автобус негізінде құрылған медициналық кешенде автономды жылыту кондиционерлері іске қосылған. Әрі жалпы қабылдау, функционалды диагностика кабинеттері, жалпы практика, дәрігердің талдауларды қабылдау аймағы,дәріхана пункті, акушер-гинеколог пен сәулелі диагностика кабинеті, зертхана мен арнайы қорғасын бөлмесі жабдықталған,- дейді Мақсат Жүнісәліұлы.

7D1D7D65-8DF1-4044-97E5-E3CA3370EF62

Бұл жерде қауіпсіз рентген және флюорографияға түсіріледі. Сондай-ақ кіре берісте компьютер орналасқан. Одан әрі таразы, отоскоп, офтальмоскоп, биохимиялық, гематологиялық анализатор, коагулограф глюкометр, қан алуға арналған тозаңытқыш бар. Жабдық созылмалы ауруларды ерте анықтау, денсаулық жағдайын тексеру, аурудың алдын алу үшін өте тиімді. Бас дәрігердің айтуынша УЗИ аппараты құрсақ қуысы органдарын, қалқанша безі және гинекологиялық  аурулардың І,ІІ,ІІІ сатыдағы жүктіліктер мен ұрықтың және қан-тамыр ауруларын арнайы тексерістен өткізеді. Жатыр мойны ісігі ауруының алдын алуды қамтамасыз етеді. Тағы бір ерекшелігі ЖМК-де мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықталып жасалған жеке кіру есігі мен лифт пандус (жедел сатысы) орнатылған. Бұл аппарат пульт арқылы жүзеге асырылады. Көлік жүргізушісі арнайы басқару тетіктері жайында білім алған.

Гүлнар Тасболатқызы,,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале