28.03.2019, 11:56
Оқылды: 65

Жымпиты халық театры «Жұмаққа жетелер жолды» сахналады

Сырым аудандық мәдениет үйінде 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай Жымпиты халық театры Байділда Айдарбековтің «Жұмаққа жетелер жол» атты қойылымын сахналады. Қойылымның  режиссері – Сәндібек Өтеғалиев.

Жұмаққа жетелер жол (1)

Драманың түйіні – астамшылдықпен Алланы ұмытып, иман жолында жүргендерге қарсылық танытқан, өмірде пендешілікке бой алдырып, дүние қуып, ішкілікке салынған адамдардың барлығы жан рақатын Аллаға құлшылық етуден табады. Қателіктерін түсініп, тәубеге келуден асқан ақылдылық жоқ екенін қойылымнан ұғынған көрермен көздеріне жас алды. Әртістердің ойындарына риза болып, тік тұрып қошемет көрсетті.

Драма соңында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен облыстық халық шығармашылық орталығының директоры Маулет Жұбатов сөз сөйлеп, алғыс білдірді. Аудан әкімі Халықаралық театр күніне орай Жымпиты халық театры ұжымын марапаттады.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале