25.05.2021, 11:20
Оқылды: 46

Жымпиты жәрмеңкесі халық сұранысына ие

Жымпиты ауылы орталығындағы дәстүрге енгізілген жәрмеңке қыза түсуде. Жәрмеңкеде ауылдық округтерден әкелінген таза, табиғи бастысы қолжетімді бағадағы өнімдерге тұрғындар сұранысын арта түскен.

 IMG-20210525-WA0081

Мәселен, өткен сенбіде ауылшаруашылығы өнімдерін көңілге қонымды бағамен сатуда Жымпиты, Бұлан, Бұлдырты, Талдыбұлақ ауылдық округтері белсенділік танытты.

- Жәрмеңкеде халық іздеген тары-талқан, құрт, май, қаймақ, айран, жеміс көшеттері, көкөніс тұқымдары, жұмыртқа сатылды. Заузаның сары майының келісі 4000 теңгеден, ірі қара етінің келісі 1800 теңгеден, тауық, үйрек балапандары 400 теңгеден, қаздың балапаны 2400 теңгеден бағаланып, тез арада қолға тиіп жатты.

IMG-20210525-WA0079

Жымпиты жәрмеңкесі сенбі сайын жұмыс жасайды, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Қайрат Абсатыров.

 

Мүсірбек Айташев,

Сырым ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале