1.06.2021, 9:27
Оқылды: 236

Жымпитыда 7 көшеге тақтайша орнатылды

Сырым ауданындағы ауылдық округтердегі көшелерге ақпараттық тақтайша ілу үрдісі жақсы жолға қойылған.

 IMG_8873

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аудан орталығы Жымпитыда С.Сейфуллин, Б.Майлин, Д.Күсепқалиев, О.Исаев, М.Жолдыбаев, Ж.Досмұхамедов, Ә.Оспанов сынды Алаш арыстарының өмірбаяны жазылған 7 ақпараттық тақтайша ілінді.

IMG_8875

Соның бірі, Әлмұхамбет Оспанов көшесінде орнатылған тақтайшаға ұрпақтары атынан Н.Оспанов өз ризашылығын білдірді.
Қуанышты сәтке Жымпитыға жолы түскен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің делегациясы да куәгер болды.

 

А.Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале