31.05.2019, 13:00
Оқылды: 74

Жымпитыда азалы жиын өтті

         Бүгін Сырым ауданы Жымпитыдағы Алаш саябағында 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай азалы жиын өтті.

 syrym (3)

         Жиында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, саяси-қуғынның құрбаны болған жымпитылықтардың ұрпақтары атынан Берік Бисалиев сөз сөйледі.

         Аудан әкімі өзінің сөзінде, ұлтының тағдырын ойлағаны үшін жазықсыз жазаға кесіліп, қуғын көрген тұлғалар біздің өңірімізде де аз болмағанын, олардың арманы Тәуелсіздік болып қайта оралғанын айтты.

Шараға қатысқандар Жымпиты халық театры «Азапты күндер» қойылымын тамашалады. Кейін тұрғындар саябақтағы қуғын құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

syrym (1) syrym (2) syrym (4) syrym (5) syrym (6) syrym (7)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале