Әлемдегі барлық елдерде жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісі сайлау органдарының кәсіби мерекесі - Дүниежүзілік сайлау күні ретінде аталып өтіледі. Сайлау жүйесі мерекесінің бастау алғанына биыл 20 жыл толып отыр. Жыл сайын бұл күні аудан көлемінде әртүрлі көпшілік шаралар өткізіліп келеді.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай және ұлттық спортты қолдау мақсатында аудандық сайлау комиссиясы мен аудандық «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық спорт түрлері – асық ату (бес асық), садақ ату, арқан тартудан аудандық жарыс өтті. Жарысқа 10 команда қатысты. Барлық сайыс түрлерінде командалар белсенділік танытып, жақсы ойын көрсетті.
Әсіресе, арқан тарту ерекше тартысқа толы болды.
Жарыс нәтижесінде:
1-орын – Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі командасы;
2-орын – Сырым мектеп лицейі командасы;
3-орын - Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектебі командасына тиесілі болды.
Жеке номинацияларда:
Ерлер арасында дәстүрлі садақ атудан «Үздік сұрмерген» аталымыменм Мұрат Лұқпанов (Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектебі командасы) және әйелдер арасында дәстүрлі садақ атудан «Үздік сұрмерген» аталымымен Закира Жолсарина (Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектебі командасы) марапатталды.
Ерлер арасында асық атудан «Үздік сұрмерген» Әсет Нығмет (балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі командасы) пен әйелдер арасында бес асықтан «Үздік ойыншы» Сұлушаш Қабесова (Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі командасы) марапатталды.
Жеңімпаздарға диплом, кубок және ақшалай сыйлық табысталды.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы