5.02.2025, 10:00
Оқылды: 134

Жымпитыда шұғыл әрекет ету жасағының саптық байқауы өтті

2025 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға әрекет ету сонымен қатар авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге, дайындық деңгейін тексеру мақсатында Жымпиты ауылы аумағында аудандық шұғыл әрекет ету жасағының саптық байқауы өткізілді.

PHOTO-2025-02-05-00-56-13 (1)

Саптық байқауға аудандық шұғыл әрекет ету жасағы және арнайы техникалар қатыстырылды.

PHOTO-2025-02-05-00-56-12

Жасақтың дайындық жұмысымен ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Азат Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов, Сырым ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ғабит Жасталап танысты.

PHOTO-2025-02-05-00-56-12 (1)

Тексеру барысында күштер мен құралдардың саны мен сапасына, инженерлік, су сору техникалары, қайықтар мен мотопомпалардың жағдайы жіті қадағаланды.

PHOTO-2025-02-05-00-56-11

Сонымен қоса инженерлік жұмыс жоспарға сәйкес Қособа ауылдық округі маңындағы, Өлеңті, Бұлдырты өзендерінің жағасында көтерілген дамбалардың жағдайы тексерілді.

Қоңдыкер Елеуов,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале