27.04.2023, 18:04
Оқылды: 23

Жыр мүшәйрасы өтуде

"Жарқын бейне" жобасы аясында жұлдыздай жарқ етіп, бір сәтте фәниден бақи дүниеге аттанған Айдарханның арғымағы, айтыскер-ақын Асылбек Миразатұлы Ишановты туған елі тағы бір мәрте еске алып, Жаңажол ауылдық округінде "Жалындап өткен жас ғұмыр" атты аудандық балалар жыр мүшәйрасы өтті.

IMG-20230427-WA0065

Алдымен өмірі ақындықпен тоғысқан асыл ердің зиратына барып, құран бағышталды. Мектепте  гүл шоқтары қойылып, ауыл музейіне де шолу жасалды.

Жырды жанына жалау еткен жас өнерпаздар байқауында айтыскердің әкесі Миразат Ишанов сөз кезегін алып, додаға қатысыушыларға сәттілік тіледі. Одан әрі " Жырлайды жүрек", "Арманда кеткен асыл тек"  атты 2 кезеңде сайысқа қатысушылар бақтарын сынап, бақ сынасуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале