6.11.2021, 9:45
Оқылды: 76

Шыңғырлауда «Тәуелсіздікке тарту» концерт өтті

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінде Қарағаш және Алмаз ауылдық округтері көркемөнерпаздарының қатысуымен «Тәуелсіздікке тарту» атты концерт болып өтті.

IMG_1075

Көрермендер алдымен үлкен экраннан қос округтің жетістіктерін насихаттаған бейнебаянды тамашалады.

WhatsApp Image 2021-11-06 at 09.39.54 (2)

Концерттік бағдарламада жырдан шашу шашып, әннен алқа таққан ауыл өнерпаздары көпшілік қошеметіне бөленді.

WhatsApp Image 2021-11-06 at 09.41.42

Концерт соңында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ө.Бекениязов сахнаның шырайын келтіріп, өздерінің ерекше өнерлерімен көпшілікке тамаша көңіл-күй сыйлаған Алмаз және Қарағаш округтерінің көркемөнерпаздарына ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Ә.Мұханбетжанованың атынан алғыс хат табыс етті.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале