Биыл тұрғын үй сертификатын беру үшін 480 млн қаржы бөлінген.
Тұрғын үй сертификаты бір адамға 1 млн 500 мың теңге көлемінде беріледі. Бұл Отбасы банк арқылы үй алушыға алғашқы жарнаны төлеу үшін берілетін көмек ақша.
Былтыр 195 адам тұрғын үй сертификатын алған.
Жалпы облыста қазіргі кезде 43 663 адам тұрғын үй кезегінде тұр. 2025 жылы үй кезегінде тұрған 363 адам үйлі болып, кезектен шыққан.
Өңірде кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамассыз ету үшін Ақжайық шағын ауданында 390 пәтер салынған.