24.04.2026, 10:32
Оқылды: 16

БҚО-да “Түсті маршурт” жобасы жұмыс істеп тұр

Бұл жоба жасанды интеллект көмегімен мектеп оқушыларының психикалық күйін анықтауға арналған. Осы жобаның көмегімен жасөспірімдер арасындағы эмоцияналдық күйзеліс пен суицидтік қауіп белгілерін ерте анықтау жоспарланған. Жоба өз нәтижесін беріп отыр дейді мамандар.
Бұл “Түсті маршурт” жобасының ерекшелігі бала психологиялық тесттен өтіп отырғанын байқамай қалады. Себебі бала өз телефоны арқылы тест тапсырады, ал тест ойын түрінде өтеді. Телефон арқылы тапсырылған тест нәтижесі бойынша жасанды интеллект баланың психологиялық күйі туралы хабарламаны мұғалімге жолдайды. Сол хабарлама негізінде мұғалім баламен жұмыстанады.
Бұл жоба БҚО Прокуратурасының бастамасымен жүзеге асып отыр.
Бүгінгі таңда осы жоба облыс мектептерінің бәріне енгізілген.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале