16.04.2024, 17:11
Оқылды: 104

Құжаттарыңыз судан бүлінсе не істеу керек?

Су тасқынына байланысты жылжымайтын мүлкі жарамсыз болып қалған тұрғындар халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып қажет құжаттарды жасатуы қажет. Бұдан бөлек үйге су кіріп үйдің құжаты немесе жеке басын куәландыратын құжаты бүлініп қалған азаматтар да халыққа қызмет көресту орталықтарына барып арнайы өтініш беруі тиіс. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» БҚОФ-ның директоры Надир Құрымбаев айтты.

Адамдарға ыңғайлы болуы үшін бүгінде «Дом быта», «Московский» сауда үйлерінде өз-өзіне қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп тұр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале