29.02.2024, 20:09
Оқылды: 37

«Отаным, саған мың алғыс!»: Оралдық оқушылар республикалық челленджге үн қосты

Оралдық оқушылар Алғыс айту күніне орай бастау алған республикалық «Отаным, саған мың алғыс!» челленджіне үн қосты.

Мемлекеттік туды ұстаған 150-ден астам оқушы Тұңғыш Президент алаңына жиналды. Олардың қатарында «Жас сарбаз» сыныптарының оқушылары, «Жас ұлан» белсенділері мен ерікті оқушылар болды. Отанға деген махаббатпен қолдарына «Жүрек» бейнесін жасап, «Бақытты өмір үшін Отаным, саған, мың алғыс!» ұранымен, Отан тақырыбында өлеңдер оқып, «Атамекен» әнін шырқады. Патриоттық челленджді қалалық білім беру ұйымдары жалғастыруда.
Алғыс айту күніне арналған шаралар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жалпыадамзаттық құндылықтарға, адал азамат ретінде отансүйгіштікті дәріптеуге, мейіріммен алғыс білдіруге бағытталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале