16.06.2015, 10:22
Просмотры: 47

Қазталов аудан басшысы ардагерлермен кездесті

Kaztalov audan basshisi ardagerlemen   15 маусым күні Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, ауылдың ақсақалдарымен, мекеме басшыларымен кездесті.

Кездесуге қатысқан ауылымыздың ардагерлері ауыл ішінде атқарылып жатқан жұмыстары жайында айтып, көкейлеріндегі сұрақтарды қойды. Мұның ішінде ең маңыздысы ауыз су мәселесі болды. Күні бүгін тұрғындардың ауызсуды шамадан тыс пайдаланып отырғаны белгілі. Тұрғындарды ауызсуды үйге кіргізіп алып, ақшамызды төлеп отырмыз деп бау-бақшаны, қорадағы малдарын, көліктерін жуатыны анық. Ал Жалпақтал коммуналдық мекемесінің міндетін атқарушы Тілек Ибрашевтың айтуынша су қондырғысының тұрғындардың шамадан тыс ауызсуды пайдаланған жағдайда істен шығатын жеткзіп, тиімді пайдану керектігін айтты. Алдағы уақытта ауызсуды күніне төрт мезгіз уақытпен берілетін жеткізді. Сонымен қатар техникалық судың да жайы айтылды. Қазіргі уақытта бұл мекеме жер астындағы құбырлардың ескіргенін, мекеменің міндетін атқарушысы Тілек Жүсіпұлының шама-жарқысы келгенше жамап жатқан айтып ағынан жарылды. Ал ардагерлер саябақ ішіндегі тал-теректер, ауыл ішін абаттандыру, ауыл шетіндегі күл-қоқыс төгетін полигон, мал азығын дайындау, «Ет комбинаты» бағытындағы үйлерді жастарға беру мәселесі, «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы ауыл ішіндегі ескі ғимаратар жайында өздерінің сұрақтарын айтып, біраз мәселелерді қозғады. Кездесуге қатысқан мекеме басшылары ардагерлердің қойған сұрақтарына нақты жауаптарын айтты.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале