7.10.2015, 17:18
Оқылды: 22

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Sibailas jemkorlikka jol jok   Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде оздырылған «Жирен жаман әдеттен...» атты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы мәдени іс-шараға аудан орталығындағы барлық мекеме қызметкерлері қатысып, белсене ат салысты.

Шарада аудандық мәслихат хатшысы Батырғали Тойшыбаев, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маман-заңгері Айсұлу Диашева сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты түсінік берді.

Қатысушылар назарына бейнекөрсетілім ұсынылып, мектеп оқушылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы өлең жолдарын мәнерлеп оқыды.

Мәдениет қызметкерлері «Жирен жаман әдеттен...» тақырыбында театрландырылған көрініс қойды.

Шараға белсене қатысқан мекеме ұжымдарына аудандық мәдени-демалыс орталығы атынан алғыс хат табысталды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале