9.05.2024, 17:50
Оқылды: 51

Уақытша қосындағы концерт

Бүгін Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ауласында мерекелік концерт өтті. Концерт аталған оқу орнының жатақханасындағы эвакопунктке орналасқан тұрғындар үшін ұйымдастырылған.

9d589c1d-7772-4f77-bbda-8879b5b7c153

– Өңірімізде Жеңіс күні кең көлемде аталып өтілуде. Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы Жеңіс алаңына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Осындай игі шара «Қазақ халқының даңқты қыздары» ескерткішінің маңында да өтті. Уақытша қосынды паналағандар үшін концерт ұйымдастырған «Халықаралық зейнеткерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Жаңылсын Каримоваға рахмет! Ол басқармаға келіп, осындай концерт өткізу жөнінде ұсыныс айтты. Мұндағы мақсат – эвакопунктте тұрып жатқандарға жақсы әсер сыйлау. Тасқыннан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Сабырлылық танытып, осы бір сыннан сүрінбей өтейік! Ауызбіршіліктің, бірліктің арқасында баспанасын су басқандарға көмек көрсетіліп, жүйелі жұмыс жүргізілді. Алдағы күннен үміт көп. Баршаңызға амандық-саулық тілеймін! – деді облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева.

11

Концерт барысында халық әндері, сондай-ақ патриоттық тақырыптағы әндер де шырқалды. Өнер көрсеткендер көрермендерді биге шақырып, үйін су басып, жабырқап жүргендердің көңіліне сәуле түсіргендей болды.

12

– 12 сәуір күні «Телецентр» саяжайындағы үйіміз суға кетті. 13 сәуірде Жаһанша колледжінің жатақханасына келдік. Үлкен ұлым Алматыда жұмыс істейді. Екінші ұлым Ақтауда Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Қызым Шымкент қаласына лагерьге кетті. Комиссия үйімізді тексеруде. Әлі нақты шешім шыққан жоқ. Эвакопунктте бізге қолайлы жағдай жасалған. Концерт ұйымдастырып, көңіл-күйімізді көтеруге талпынған өнер иелеріне мың алғыс, – деді Орал қаласының тұрғыны Жеміс Талошева.

4048c5fe-95da-4df1-bbd9-eea222ced1b6

#Жеңімпаздартарихы

Марлен Ғилымхан,

«Орал өңірі»

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале