22.09.2015, 16:08
Оқылды: 26

550 жылдықты бейнелеген гүл

Kaztalov kazak handiginin 550 jildigi   Бостандық ауылындағы Алтын Ақбаева апамыз қандай ма іс болмасын алда жүреді. Ол кезінде аудандық мәслихаттың депутаты болғанда, өз сайлаушыларының мүддесі үшін тер төгуден жалықпағанын да білетін едік. Бүгінде Бостандық ауылындағы «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы ретінде көптеген істердің басы-қасында жүр.

Енді Алтын апамыздың мына бір ісі көпке үлгі болғандай. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мектептің алдынан өзі бас болып 550 жылдықты бейнелейтін гүл өсірді. Ал, әдемілікті паш ететін осы гүлді көрумен қатар оқушылар 550 жылдықтың да мәнін саналарына сіңіре беретіні сөзсіз.

www.zhaikpress.kz

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале