4.04.2019, 13:44
Оқылды: 36

Алтай Көлгінов қар тазарту және су тасқынының алдын алу үшін еңбек еткен қызметкерлермен кездесті

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов облыс орталығындағы «Жайық Таза Қала» мекемесінің қызметкерлері, өңірдегі жол, құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесіп, шаһарды қардан тазарту және су тасқынының алдын алу жұмыстарында белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді.

2

-Биылғы қыс біздің өңір тұрғындары үшін үлкен сынақ болды. Ағымдағы жылы соңғы 30 жылдан астам уақыт болмаған қар жауды. Ауа-райын зерттеуші мамандардың айтуынша бұндай қар соңғы рет 1987 жылы тіркелген. Ол жылы қар жамылғысының қалыңдыңы 54 сантиметр болса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 60 сантиметрді құрады. Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ауа-райының қолайсыздығына қарамай, уақытпен санаспай үлкен қызмет атқардыңыздар. Сонымен қатар облыстағы жол, құрылыс компаниялар мен жеке кәсіпкерлер де бізге көмек қолдарын созды. Осындай ұйымшылдықтың нәтижесінде табиғаттың тосын сыйына төтеп бердік. Алдағы уақытта да халық үшін жасалатын игі істерді бірлесіп атқарамыз деп сенемін, - деді Алтай Көлгінов.

Бұдан соң облыс әкімі қала көшелерін қардан тазарту жұмысын белсенді атқарған «Жайық Таза Қала» мекемесінің бір топ қызметкерлеріне, аталған жұмыстарда көмек көрсеткен мекеме-кәсіпорын басшыларына алғыс хат табыс етті.

Нұрбек Оразаев

сурет: Александр Куприенко

1 3 4 5 6 7 101 102 103 104

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале