18.09.2018, 12:11
Оқылды: 27

Олжас Бектенов: «Орта және шағын бизнес қызметіне кез келген қол сұғу дерегі төтенше жағдай ретінде қаралатын болады»

Бұл туралы МҚІСЖҚА төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кеңейтілген кеңесінде айтылды. Бұл жайлы аталған агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

МҚІСЖҚА төрағасының орынбасары өз сөзінде кәсіпкерлерді олардың қызметіне кез келген кедергіден қорғау, әкімшілік кедергілерді алып тастау, бюрократиялық кедергілерді жою қажеттілігін атап өтті.

«Мемлекет басшысының қойған мақсаттарға сәйкес, Агенттік Төрағасының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлікті қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болып табылады. Қорғанысты көбінесе шағын және орта бизнес қажет етеді.Оларда күшті заңдық қызметтер жоқ, көбінесе олардың құқықтарын білмеуі кездеседі.Орта және шағын бизнес қызметіне кез келген қол сұғу дерегі төтенше жағдай ретінде қаралатын болады. Тиісті шаралар қабылданатын болады», - деді Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов айтуынша, бүгінгі таңда қызметтердің 78%-і электронды түрде және ХҚКО арқылы қамтамасыз етіліп, бизнеске де жұмысты жеңілдетеді. Бұл бағыттағы ілгерілік айқын.

Соңғы екі жарым жыл ішінде түрлі мемлекеттік органдардың 2 мыңнан астам қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«2016 жылдан бастап осындай фактілер бойынша 571 лауазымды тұлға жазаланды. 2017 жылдан бастап ШОБ қызметіне заңсыз араласуға байланысты 400-ге жуық қылмыс тіркеліп, 119 адам сотталды. Тек биылғы жылы қылмыстық істер аясында 371 кәсіпкердің құқықтары қорғалды», - деп атап өтті МҚІСЖҚА төрағасының орынбасары.

«Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко айтуынша, жүргізілген талдау мемлекетті сатылап алулар мен бақылау, рұқсат беру функцияларын жүзеге асыруда бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл механизмінде «көлеңкелі» сызбалардың барын анықтады.

«Ауыл шаруашылығында анықталған «сұр сызбалар» субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы өндірісінің нақты көлемін асыра отырып, бюджет қаражатын ұрлаудың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барын көрсетті. Өкілетті тұлғалар кәсіпкерлердің егістіктер көлемін асырып көрсету өтінімдерін оң  шешу  бойынша қызмет көрсетеді», - деді ҰКП өкілі.

Іс-шара «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдула, Агенттік орталық аппаратының, Ұлттық бюроның, бизнес өкілдерінің басшылық құрамы, бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті.

Кездесу өңірлерді қосу арқылы бейнеконференция форматында өткізілді.

zhaikpress.kz

IMG_0977

IMG_0957

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале