8-707-808-48-55
Сайқынның көшелері жөнделуде

Сайқын ауылы ішіндегі 5,6 шақырым автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

orda juldyzy (2)шілік жолдарға бүгінге дейін жөндеу жүргізілмеген. Биыл бұл істі «ҚПО б.в.» компаниясы демеушілігімен «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алды.

– Қазіргі кезде Р.Егізбаев, Т.Жароков, Б.Жәнекешев, Қазақстан, М.Бегалиева көшелерінің жолдары жөнделуде. Күнара барып, жұмыстың жүргізілу барысын қадағалап, тексеріп тұрамыз. Алдымен, жұмысшылар асфальттың шұңқырларын тазалап, су шашып, қиыршық тастар төседі. Мұнымен қоса 17 су өткелінің іші тазартылып, айналасы қайта ретке келтірілді. Асфальт төсеу Р.Егізбаев көшесінен басталуда. Оған материал көршілес Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылы маңындағы асфальт шығару зауытынан әкелініп жатыр. Екі «КамАЗ» тәулігіне он шақты рейс жасайды. Жұмысқа негізінен жергілікті тұрғындар тартылған. Қыркүйек айының аяғына дейін жөндеуді аяқтау жоспарлануда. Тағы бір ескертетін жәйт, жерлестеріміздің төселген асфальт жолдары әбден кеуіп, қалпына келмейінше, көлікпен жүрмеулерін, мал айдамауларын өтінеміз, - деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бисенбек Насимоллин.

Айша ҚҰРМАШ,

Бөкей ордасы ауданы

 

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру