15.03.2018, 16:02
Оқылды: 24

Зеленовта әжелер ансамблдерінің кездесуі өтті

Зеленов ауданында «Əжелер өнері - өнеге» атты əжелер ансамблдерінің кездесуі өтті.

Əр ауылда қоғамдық негізде құрылып, ұлт дəстүрі мен мəдениетін насихаттап жүрген өнегелі ұжымдарды аудандық мəдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Ахметжанова құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Шараға ауданның округтерінен келген әжелер ансамблдері ұлттық салт-дəстүрден сахналық қойылым ұсынып, дəстүрлі өнерден сый жасады. Қазақтың «Құда түсу», «Сырға салу», «Көрісу айт», «Мал сою», «Табақ тарту», «Бесікке салу» сынды салтын дәріптеген әжелер әр жоралғының шығу төркінін де кеңінен түсіндіріп берді.

Ұлт мәдениеті мен әдет-ғұрпын, тарихын жастарға танытып, салт-дәстүрімізді үйретіп, үлгі көрсетіп жүрген өнер ұжымдарын марапаттаған мәдени-демалыс орталығының әдіскері А.Намазова естелік сыйлықтар табыстады.

DSC_0058- Əжелер - нағыз ұлт қазынасының шежірелері. Олардың басын қосып, ұлттық тəрбие тетігіне айналдыру қоғамның рухани жаңғыруына зор ықпал етпек. Осы орайда ауданда құрылған барлық ансамблдің «Ақ ниет» секілді «халықтық» атағын алғанын қалар едік, - деген Амангүл Рамазанқызы шараның алдағы уақытта жүйелі ұйымдастырылатындығын жеткізді.

Н.Дүзбатыр

Зеленов ауданы  

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале