10.01.2018, 17:37
Оқылды: 21

Зеленовтық футболшылар турнир жеңімпазы атанды

«Орал» спорт кешенінің кубогіне арналған шағын футболдан қалалық ашық турнир өтті.

Орал қаласындағы футбол клубтары мен академиялардың жас футболшылары қатысқан турнирге Зеленов ауданының намысын қорғай барған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жақсы нәтиже көрсетті. 2002-2003 жылғы футболшылар бәсекесінде өз қатарластарының барлығын ұтқан аудан футболшылары турнир жеңімазы атанса, 2004-2005 жылғы футболшылар жарысында өнер көрсеткен кіші топ ойыншылары үшінші орыннан көрінді.

Жарыс барысында тамаша ойын өрнегін көрсеткен Сергей Попов «Үздік қақпашы» аталымын иеленсе, командасын алға сүйрей білген Диас Ниязалиев «Үздік шабуылшы» атанды. Сондай-ақ техникалық жағынан қарсыластарынан мықты болған Темірлан Ізтілеев үздік техникасы үшін арнайы жүлдені еншіледі.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале