Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған тағы 1 адам анықталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мұстаев мәлімдеді.
Науқас 53 жаста. Орал қаласының тұрғыны. Карантиндік стационарда медбике болып жұмыс істейді. Науқас коронавирус жұқпасын осыған дейін COVID-19 анықталған медицина қызметкерінен жұқтырған.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі уақытта ол облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
14.04.2020 ж. жағдай бойынша облысымызда 12 адамнан COVID-19 жұқпасы анықталды.
zhaikpress.kz