16.04.2020, 20:22
Оқылды: 23

«Бәйтерек таланттары» онлайн-көрсетілім ұсынды  

Құрылғанына көп уақыт бола қоймаған «Бәйтерек таланттары» жастар театры төтенше жағдай кезінде карантинде отырған ағайынға арнап «Қылмыскер» комедиясын ұсынды.

631063B9-5C2E-4B17-8CEE-E288E7EC9231 Әлеуметтік желіде орналастырылған онлайн жұмыс көрермен де жинап үлгерді. Идея авторы Бәйтерек аудандық мәдени-демалыс орталығының әдіскері Амангүл Намазова.

- Әлемді жайлаған қауіптің алдын алу мақсатында театрдың жас актері Кенесары Болғанбаев екеуміз ақылдаса отырып, екі күннің ішінде сценарий жазып, бейнекөрсетілім түсірдік. Көрсетілім ұзақтығы – 20 минут. Бәрі қысқа да нұсқа болды деп ойлағанбыз. Алайда түсірілім барысында қысқаметражды фильмге дейін жетіп қалды. Көрерменге, халыққа айтар ойымызды әзіл арқылы жеткізуге тырысып бақтық. Осы бір шығарма арқылы күдік пен үрейді жеңу жолдарын әзіл арқылы жеткіздік деп ойлаймын. Нәтижеміз де жаман емес. Әлеуметтік желілер арқылы жылы пікірлер айтылуда, - дейді жас режиссер Әліби Жанәбілов.  

 Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале