Бұл жайлы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылы 16-24 сәуір аралығында қоғамдық көлік қозғалысының тоқтатылуына байланысты Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қала ішінде медицина қызметкерлерін үйінен жұмысына апарып-әкелетін 17 бағытта маршрут жұмыс істейді. Таңертең және кешкі уақытта апару-әкелу жұмыстарына 65 автобус жұмылдырылды.
Бұл автобустар тек арнайы куәліктері бар медицина қызметкерлеріне қызмет көрсетеді.
zhaikpress.kz