17.04.2020, 14:20
Оқылды: 125

Оралда 16-24 сәуір аралығында  медицина қызметкерлеріне ғана қызмет көрсететін автобустар шығарылды

Бұл жайлы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

F1FEB776-D622-434B-A380-3952D81E6552

2020 жылы 16-24 сәуір аралығында қоғамдық көлік қозғалысының тоқтатылуына байланысты Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қала ішінде медицина қызметкерлерін үйінен жұмысына апарып-әкелетін 17 бағытта маршрут жұмыс істейді. Таңертең және кешкі уақытта апару-әкелу жұмыстарына 65 автобус жұмылдырылды.

Бұл автобустар тек арнайы куәліктері бар медицина қызметкерлеріне қызмет көрсетеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале